Қазгидромет: Бес өңірде күн суытып, үсік жүреді

/
Қазгидромет: Бес өңірде күн суытып, үсік жүреді

"Қазгидромет" 2 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, еліміздің қалған бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы жауын-шашын әкеледі.

"Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады", - делінген "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, республикамыз бойынша желдің күшейіп, тұман түседі деп күтіледі. Еліміздің шығысында көктайғақ болуы да мүмкін. Үсік те жүреді.

"Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және Жетісу облысында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді, сондай-ақ Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С-ге дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, шөлейтті аудандарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Осы уақытта Алматы мен Тараз тауларында қар жауып тұр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары