Ресейде 2025 жылдың басынан бері 111 тоннадан астам шайдан пестицид табылды. Бұл туралы «Известия»Роспотребнадзор мен Россельхознадзорға сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру кезінде Tess, Greenfield, «Золотая чаша», «Беседа» сияқты танымал маркалардан пестицид анықталған. Оларды шығаратын «Орими», «Русская чайная компания», «Объединенная чайная компания», «Шеннун», «Симфония» және басқа да ірі өндірушілердің өнімдері сынақтан өтпей қалған.
Жыл басынан бері 57 мыңға жуық сынама зерттеліп, олардың 0,01 пайызы талаптарға сәйкес келмеген. Үлес аз болғанымен, тұтынушылар құқығын қорғаушылар бұл деректерді елеулі деп санайды. Қоғамдық тұтынушылар бастамасының жетекшісі Олег Павлов Бас прокуратураға, Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне өтініш жолдап, компанияларды жауапқа тартуды талап етті.
Оның айтуынша, шай құрамындағы пестицидтер жүйке жүйесіне зиян келтіріп, есте сақтау мен қозғалысты бұзады, сондай-ақ аллергия тудыруы мүмкін.