«Менің әкеме тіл тигізуші болмаңдар»: Нұрлан Еспановтың ұлы билетті қымбат бағаға сатты дегендерге жауап қатты

/
«Менің әкеме тіл тигізуші болмаңдар»: Нұрлан Еспановтың ұлы билетті қымбат бағаға сатты дегендерге жауап қатты
Коллаж: Turkystan.kz

Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас «Қайрат – Реал» ойынының билеттерін қымбатқа саудалады деген сынға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол билеттер өзіне тиесілі емес екенін айтып, тек танысының өтінішін орындағанын жеткізді.

 «Бұл Пранк! Жалпы менде не жұмыстарыңыз бар? Менде билет жоқ! Бар болса стадионда жатпаймын ба өзім! Билетті ит-пен құстың бәрі салып жатыр ғой. Бұл активность көтеру мақсатында салынды және ол билеттер менде жоқ! Сондықтан артық кетпеңіздер! Мен не сатсам да өзім білем ғой. Біреудің жұмысында шаруаларыңыз болмасын! Әркім не сатса да өзі біледі. Мен жай ғана біреудің билеттерін өзіме салдым болды. Есесіне нәтиже бар, халық шулады. Бұл – маркетинг, бұл – пиар. Артық кетпеңіздер! Менің әкеме отбасыма тіл тигізуші болмаңыздар! Аман болыңыздар!», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары