«Реал Мадрид» қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны желі парақшасында белгіледі

/
«Реал Мадрид» қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны желі парақшасында белгіледі
Фото: instagram.com/thibautcourtois

Мадридтік "Реал" мен Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа матчтан кейін жария еткен желідегі жазбасында "Қайрат" командасының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны белгіледі, деп хабарлайды turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемнің үздік қақпашыларының бірі өз Instagram парақшасында Алматыдағы ойыннан алған әсерін бөлісті.

"Үлкен жеңіске жету жолындағы өте сенімді ойын. Әлемдегі ең үздік клубтың капитандық байлауышымен шығу үлкен толқыныс тудырады!", - деп жазды Тибо.

Ол "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзамен сөйлесіп тұрған сәтінен де фотоны бөлісіп, тіпті жазбасында қазақстандық жас спортшыны белгілеп өткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары