Белгілі әнші әлеуметтік желіде бала күнгі арманы жайлы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Балалық шағында балерина болуды армандаған қыз бүгінде сахнаға басқа миссиямен шығуда. Бірақ жүрегінде сол арманын әлі де тірі ұстап келеді. Ол өмірде кәсіби балерина бола алмады, бірақ нәзік те талдырмаш балерина оның жан дүниесінде әлі бұрала билеп жүр. Суреттегі бұл сәт тек қана образ емес, бала қиялының орындалған бір үзігі. Ішкі әлемінің көркемдігі мен сұлулығының сыртқа шыққан әсерлі сәті...", - деп жазды әнші Ақбота-Нұр.
Сондай-ол желіде өзінің балерина образында түскен суретін жариялады.