Алматыда өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жас шахматшыларымыз Әлиша Бисалиева, Әдинұр Әділбек, Данис Қуандықұлы алтын медаль иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлемнің 88 елінен келген 842 қатысушының ішінде Қазақстан құрамасы командалық есепте үздік атанды. Бұл жайында ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Шахматты дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспары балаларды осы спорт түріне жаппай тартуды да, талантты спортшыларды қолдауды да көздейді. Бүгінгі таңда 300 мыңға жуық бала шахматпен айналысады, оның 130 мыңға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Чемпиондарды, олардың отбасыларын және тәлімгерлерін құттықтаймын! Бұл жетістіктер Қазақстанның барлық жас спортшыларына шабыт сыйласын. Біз сіздерге сенеміз және елімізде балалар спортын дамытуға барлық жағдай жасауды жалғастырамыз", - ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов құттықтау хатында.