Сән блогері Жансая Мақабаева Қазақстанға келген «Реал» ойыншыларының образына талдау жасады, деп хабарлайды turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
«Футболшылардың барлығының образдары ұқсас. Өйткені олар Louis Vuitton брендімен әріптестік орнатқан. Мысалы, Килиан Мбаппені алайық. Үстіне киген жейдесі 350 мың теңге тұрады. Шалбары 656 мың теңге. Курткасы 2 миллион теңге. Аяқ киімі 651 мың теңге. Шабаданы 2 млн 356 мың теңге. Тек рюзагы ғана dior бренедінен болып шықты (1 млн 716 мың теңге). Ал сағаты Hublot брендінен алтыннан жасалған. Құны – 29 млн 500 мың теңге. Сонда барлығы – 37 млн 506 мың теңге», - дейді ол.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын 30 қыркүйек сағат 21:45-те басталады.