Белгілі қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол төртінші рет әке атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бизнесмен сәбиін көтеріп түскен суретін желіге жүктеген.
«Ұлым Диар дүниеге келді, құттықтап қойыңыздар! Менің бақытым», – деп жазды Арманжан Байтасов.
Желі қолданушылары жаппай құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге тек қуаныш сыйласын!», «Бұл – кез келген жаста ата-ана болуға болатынының тағы бір дәлелі!», «Ұлдарыңыздың дүниеге келуімен құттықтаймын! Бақытты болсын!», - дейді олар.
Айта кетейік, Арманжан Байтасов 1970 жылдың 10 қаңтарында туған. Диляра Айдарбековамен отасқан. Бұл – отбасындағы төртінші бала.