«Қатыгездікпен өлтірілген»: Қостанай облысында анасы мен ұлының мәйіті табылды

/
«Қатыгездікпен өлтірілген»: Қостанай облысында анасы мен ұлының мәйіті табылды
istockphoto.com

Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылында екі тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қорқынышты қылмыс жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Мәйіттерді жас қыз тауып алып, бұл туралы ауыл тұрғынына айтқан. Ол полицияға хабар берген. Қаза тапқандар – кәмелетке толмаған қыздың анасы мен ағасы болып шықты.

«Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары, сондай-ақ барлық жағдайларды анықтауға қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары