Астана қаласы прокуратурасы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде әрекет еткен алаяқтарға көмек көрсеткен «дропперлер» тобының іс-әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Анықталғандай, 2025 жылғы 5-7 ақпан аралығында шетелде орналасқан алаяқтар «Call-орталық» ұйымдастырып, IP-телефонияны пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарына қоңырау шалған. Олар өздерін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды күмәнді ақшалай аударымдар туралы жалған ақпаратпен алдап, қаражатты Ұлттық банктің «қауіпсіз» шоттарына аударуға көндірген.
Ақшаны қолма-қол шығару үшін Қазақстанның төрт азаматы алаяқтармен тартылған, оның ішінде кәмелетке толмағандаранықталды. Олардың ішінен екеуі сыйақы үшін өзге тұлғалардың атына ресімделген банк карталарын іздестірген. Біреуі карталарды алып отырған, ал екіншісі банкоматтар арқылы ақшаны шешіп отырған. Қолма-қол қаражат кураторларға беріліп, олар өз кезегінде ұйымдастырушылардың нұсқауы бойынша ақшаны криптовалютаға ауыстыратын тұлғалардың шоттарына аударып отырған.
Аталған алаяқтық жүйе салдарынан 7 адам жәбірленуші болып танылды, материалдық шығын 5,5 млн теңгеден асты.
Барлық айыпталушылар сотқа берілді.