Талғар ауданында полиция қызметкерлері суда қалып қойған жергілікті тұрғынды құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, кешкі уақытта ер адам Талғар өзенінің шағын аралшағына өткен. Алайда кенеттен күшейген ағыс оның өз бетімен жағаға шығуына мүмкіндік бермеген.
Көмекке полицейлер жетті. Талғар ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Нұрғалиев аға лейтенанттар Арман Сарманов және Еркебұлан Сәкеновпен бірге оқиға орнына жедел жетті.
Жағдайды бағалап, зардап шегушінің өміріне төнген қатерді ескерген басқарма бастығының орынбасары суға өзі түсіп, қатты ағынға қарамастан ер адамды жағаға шығарып алды.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында азамат құтқарылды.