Ресейдің Ленинград облысында қолдан жасалған алкоголь өнімдерінен уланып 19 адам қайтыс болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыстың денсаулық сақтау комитеті мәліметіне сай, секі келген жаппай уланудың 8 жағдайында өлім себебі метанол екені ресми түрде расталған. Қазір тағы бір адам ауыр халде ауруханада жатыр.
Қайғылы оқиғалардың барлығы Сланцы ауданында қыркүйек айында тіркелген. Дәрігерлер бұл оқиғалардың негізгі себебі ретінде заңсыз алкоголь өндіру мен сауданы атайды.
Медициналық тексерістердің нәтижесі құқық қорғау органдарына тапсырылған.