NASA дабыл қақты: 55 метрлік 2024 YR4 астероиды Жерге немесе Айға соғылуы мүмкін. Есеп бойынша, Жерге соғылу ықтималдығы – 0,28%, ал Айға – 4%, деп хабарлайды turkystan.kz.
Егер аспан денесі Айға құласа, онда ғарышта бұрын-соңды болмаған шаң мен тастың таралуы күтіледі: әдеттегі нормадан мың есе көп. Бұл барлық спутниктерге, телескоптарға және орбитадағы астронавтарға үлкен қатер төндіреді.
Ғалымдар қазіргі таңда астероидты ядролық жарылыс арқылы жою жоспарын қарастыруда. Бұл тарихтағы алғашқы ядролық миссия болуы мүмкін. Окно запуска 2029–2031 жылдарға белгіленген.
Мамандардың айтуынша, мұндай көлемдегі астероид Жерге құлаған жағдайда шағын қаланы толықтай жойып жіберуі ықтимал. Ал Айға соғылса, ғарыш кеңістігіндегі аппараттар жұмысына елеулі зиян келтіреді.