Өскеменде Hyundai автокөлігі мен «Урал» мотоциклі соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, автокөлік жүргізушісі солға бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан мотоциклшіге жол бермей, соқтығысқан.
Полиция департаментінің мәліметінше, мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.