«35 жылдан бері болмаған құрғақшылық»: Түркістан облысында мал қырылып жатыр

/
«35 жылдан бері болмаған құрғақшылық»: Түркістан облысында мал қырылып жатыр
видеодан скриншот

Түркістан облысында төрт түлік мал жаппай қырылып жатыр. Соңғы 35 жылда болмаған қуаңшылық салдарынан жайылымдарда шөп шықпай, шөп пен астық бағасы бірнеше есеге қымбаттап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мал шығыны қазірдің өзінде Созақ ауданында тіркелуде. Жергілікті тұрғындар қыста жағдай одан әрі ушығады деп қауіптеніп отыр. Мал басын аман сақтау үшін ауыл тұрғындары амалсыздан жем-шөп сатып алып жатыр. Бірақ шаруалардың айтуынша, оның бағасы бірнеше есе өскен.

Тұрғындар мұндай қуаңшылықтың соңғы рет отыз жылдан астам уақыт бұрын болғанын еске алады.

Ал шенеуніктер тұрғындарды сабыр сақтауға шақыруда. Созақ ауданы әкімінің орынбасары Серік Мамановтың айтуынша, алдағы уақытта жем-шөп мәселесі біртіндеп тұрақталуы тиіс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары