Алматыда автокөлік велосипед мінген адамды қағып кетті

/
Алматыда автокөлік велосипед мінген адамды қағып кетті
istockphoto.com

Алматының Түрксіб ауданында велосипедшіні көлік қағып, қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдай бүгін сағат 14:10 шамасында Гёте көшесінде болған. Алдын ала деректер бойынша, шығыс бағытта келе жатқан Nissan автокөлігінің жүргізушісі 1964 жылы туған ер адам мінген электровелосипедті қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан электровелосипед жүргізушісі дене жарақаттарымен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Өкінішке қарай, біраз уақыттан кейін ол көз жұмды», – деп хабарлады полиция.

Тергеу жүргізілуде. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Құқық қорғау органдары апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары