«Қиын жағдай»: Танымал әзілкеш жеке өмірі туралы сыр шертті

/
«Қиын жағдай»: Танымал әзілкеш жеке өмірі туралы сыр шертті
Видеодан скриншот

Tанымал стендап-комик Тілеген Еркінбек жеке өміріндегі өзгерістері туралы айтып, көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесі некесін қидырғанын хабарлап, алдағы уақытта қандай той жасауға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Арзан психологтар" ретінде кеңінен танылған әзілкештер Тілеген Еркінбек пен Руслан Тай "Қызық Times"-та қонақта болып қайтты. Бағдарлама барысында Тілеген Еркінбек жеке өмірі туралы сыр шертіп, отбасын құрғанын хабарлады.

Алайда стендап-комик үйлену тойын дүркіретіп өткізуге құлшынысы жоқ екенін айтты.

"Некемізді қиып, отбасын құрдық. Той алдағы уақытта болады. Қазір ақша жинап жатырмын. Үш айдан кейін той болады. Жақында Атырауда қыз ұзату болды. Руслан Тай екеуміз бажа болдық десем де болады. Оның келіншегі де Атыраудың тумасы. Үлкен тойымыз Семейде 140 адамға болады. Той жасау мәселесі мен үшін қиын жағдай. Ақша болса жасауға болады, ақша бомласа кішігірім атап өткен дұрыс. Орыстардың тойлары секілді 30-40 адамға жасаған дұрыс негізі. Менің ата-анам қарапайым жандар. Енді ғана жағдайымыз көтеріліп келе жатыр. Сол себепті той жасағысы келеді. Ата-анам үшін жасап жатқан жайым бар. Өзім тойды өткізу керек деген қатып қалған қағидам жоқ. Жасым 30-да. 20 жаста болсам ағаш өрмелеп, шампанды байлап қойып деген сияқты жасайтын едік", -деп түсіндірді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары