ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді

/
ҚХЛ: «Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының өз алаңындағы матчында Қазанның «Ак Барс» командасымен ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойынның 14-ші секунді-ақ астаналықтардың жаңа қақпашысы Адам Шил бірінші шайбаны жіберіп алды. Келесі гол үшінші кезеңнің басында соғылды. Қонақтар есепті ұлғайтты, көп ұзамай Майкл Веккьоне айырмашылықты қысқартты, бірақ бұдан арыға «Барыстың» күші жетпеді. Есеп — 1:2. Осылайша, астаналық клубтың қатарынан төртінші рет жеңілді.

Айта кетейік, 27 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында Новосібірдің «Сибирь» клубын қабылдайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары