Қала тұрғындарының пәтерлеріне жылу жоспарланған мерзімнен сәл ертерек берілді: 24 қыркүйектен бастап Көкшетаудың кейбір аудандарындағы үйлердің батареялары жылына бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көкшетау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, облыс орталығында 2025–2026 жылғы жылыту маусымы басталды. Жылу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен берілуде.
Алдымен – 25 қыркүйекке дейін – мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге, оқу орындарына, емдеу-профилактикалық ұйымдарға, балалар үй-интернаттарына, мүгедектер үйлеріне жылу жеткізіледі.
27 қыркүйекке дейін тұрғын үй қорының барлық нысандарына, мемлекеттік әкімшілік ғимараттарға және өзге де жылу тұтынушыларға жылу беріледі.
Бұған дейін Көкшетауда жылыту маусымы 25 қыркүйекте басталатыны хабарланған болатын.