Қостанай облысында 1 гигаваттық жел электр станциясы салынады

/
Қостанай облысында 1 гигаваттық жел электр станциясы салынады
istockphoto.com

Қостанай облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын және энергияны жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясын салу жобасы таңдалды. Жоба 2028 жылы іске қосылады деп жоспарланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек облыс тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Кездесу барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жобаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Қостанай облысында газдандыру жұмыстары жалғасуда – бүгінгі таңда өңірдің газдандыру деңгейі шамамен 60%-ды құрайды. 2025 жылы төрт жобаны іске асыруға 3,1 млрд теңге қарастырылған. Бұл шамамен 5,7 мың адамды қосымша табиғи газбен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қостанай, Рудный және Арқалық қалаларында жылу және электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, өңірде жаңартылатын энергия көздерін дамыту қолға алынған. Аукциондық сауда-саттық нәтижесі бойынша жалпы қуаты 250 МВт болатын төрт жоба жүзеге асырылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары