Қазақстандық велошабандоз Бельгиядағы жарыста күміс жүлдегер атанды

/
Қазақстандық велошабандоз Бельгиядағы жарыста күміс жүлдегер атанды
instagram

XDS Astana Team велошабандозы Макс Кантер Бельгиядағы «Омлууп ван хет Хутланд» жарысында екінші орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бельгияда өткен «Омлууп ван хет Хутланд» веложарысы спринтпен аяқталды. XDS Astana Team командасының спортшысы Макс Кантер мәреде Еуропаның қазіргі чемпионы, Soudal Quick-Step шабандозы Тим Мерлирден ғана қалып қойып, екінші орынға ие болды (4:18:27). Үшінші болып Intermarché – Wanty командасынан Арне Марит келді. Жарыс маршруты Эрнегем – Лихтервелде бағыты бойынша өтіп, жалпы қашықтық 198,7 шақырымды қамтыды.

«Күн қиын әрі күтпеген жағдайларға толы болды, әсіресе бүйірден соққан желдің кесірінен. Иван Смирнов пен Глеб Сырица үнемі қасымда жүріп, мені қорғап отырды. Соның арқасында финалға жеткілікті күш сақтай алдым», – деді Макс Кантер команда баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары