Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде алимент төлемейтін әкелерге қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, бүгінде алименттен жалтарғандар сот алдында жауапқа тартылып жатыр. Сонымен қатар өнер иесі әкелік қамқорлықтың құны ақшада емес екенін, шынайы әке балаға мейірімін ісімен дәлелдейтінін атап өтті.
«Алимент төлемей қашып жүргендерді сот алдында тік тұрғызып жатыр дейді. Енді ойлап қоямын, алиментке беру керек пе еді? (әзіл). Жалпы, баласынан қашқанымен, Құдайдан қаша алмайтыны ақиқат қой. Нағыз ер азамат алиментсіз-ақ баласына қамқор болады. Қалғаны көп сөз – бос сөз. Бір тиын ақшасын, бір минут уақытын баласына қия алмаған еркексымақтарға күнімізді қаратпағанына шүкір! Алла ұлық!», – деп жазды ол.