Паражүзуші Нұрдәулет Жұмағали әлем чемпионатында жүлдегер атанды

/
Паражүзуші Нұрдәулет Жұмағали әлем чемпионатында жүлдегер атанды
csp-parasport.kz

Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында Нұрдаулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуде 100 м қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спорт комитетінің мәліметінше, бірінші орынды бейтарап елінің спортшысы Гук Тимофей  1:06.51 уақытымен алса, үшінші орынды 1:06.99  секунд нәтижесімен украиндық Федина Алексей еншіледі.

Айта кетсек, Нұрдаулет Жұмағалидің бұл әлем чемпионатындағы үшінші күміс жүлдесі. Бұған дейін ол  2022 жылы Медейрада және 2023 жылы Манчестерде алған болатын.

Сингапурдегі пара жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан тарапынан 7 спортшы өнер көрсетуде.  Жарыс 21-27 қыркейк аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде 75 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы бақ сынауда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары