Қарағанды – Семей – Қарағанды әуе рейсі ашылды

/
Қарағанды – Семей – Қарағанды әуе рейсі ашылды
Абай облысының әкімдігі

Ұшақтар сейсенбі және бейсенбі күндері ұшады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тасымалды SCAT әуе компаниясы субсидияланатын рейс аясында жүзеге асырады.

«Еліміздің ірі қалаларына Семейден қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап Қарағанды – Семей – Қарағанды бағыты бойынша 50 орындық Bombardier CRJ200 әуе кемесі қатынай бастады. Тасымалды SCAT әуе компаниясы субсидияланатын рейс аясында жүзеге асырады. Ұшулар апта сайын екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Билет құны – 15 мың теңге», – делінген хабарламада.

Жаңа бағыттың ашылуы тұрғындарға ыңғайлы әрі қолжетімді бағада сапар жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Семейден келесі бағыттар бойынша рейстер орындалады: Семей – Алматы, Семей – Астана, Семей – Үржар, Семей – Қарағанды. Тасымалды FlyArystan, «Оңтүстік аспан» және SCAT әуе компаниялары жүзеге асырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары