Енді 6 жастағы балаларды балабақшада қалдыруға рұқсат берілуі мүмкін

/
Енді 6 жастағы балаларды балабақшада қалдыруға рұқсат берілуі мүмкін
istockphoto.com

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында мәдениет пен білім саласына қатысты заң жобасы екінші оқылымға шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов өзінің телеграм каналында жазды. Бұл құжатта бірнеше маңызды мәселе қарастырылған. Соның ішінде алты жасқа толған балаларды балабақшадан шығарып жібермей, мектепке барғанша ұстау мәселесі бар.

«Енді балалар 6 жасқа қыста толса да, жазға дейін балабақшада қала алады. Бұрын қаңтарда 6-ға толған балаларды бірден шығарып тастайтын жағдайлар жиі кездесетін. Ол ата-аналарға үлкен қиындық тудыратын. Енді бұл мәселе шешілмек», – деп жазды депутат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары