«Неміс овчаркасы қауып алған»: Қостанай тұрғыны ит иесінен өтемақы өндіріп алды

/
«Неміс овчаркасы қауып алған»: Қостанай тұрғыны ит иесінен өтемақы өндіріп алды
istockphoto.com

Оқиға Қостанай қаласында, биылғы жылдың шілде айында болған. Тұмылдырықсыз серуендеп жүрген «неміс овчаркасы» тұқымдас ит азаматша Р-ға шабуыл жасап, сол жақ санынан тістеп алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарақат алғаннан кейін талапкер ауруханаға медициналық көмекке жүгінген.

​Сот талқылауы барысында залал Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы үй жануарларын ұстау және серуендету талаптарын бұзу нәтижесінде келтірілгені анықталды.

Аталған факт бойынша жауапкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондықтан талапкердің залалды өтеу туралы талабы негізді деп танылып, қанағаттандырылды.

Ұсынылған дәлелдемелерге сүйене отырып, сот Р-ның талабын қанағаттандырып, жауапкерден материалдық залал мен моральдық зиян өтемақысы сомасын 95 000 теңге көлемінде өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары