Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің таңдауымыз: Үстемдік емес – тепе-теңдік, жіктелу емес – ынтымақтастық, соғыс емес – бейбітшілік

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің таңдауымыз: Үстемдік емес – тепе-теңдік, жіктелу емес – ынтымақтастық, соғыс емес – бейбітшілік
Ақорда

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы дебатындағы сөз соңында шетелдегі жаһандық басқаруды қолдау Қазақстанның басты бағдары екенін айрықша атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ел ішіндегі мемлекеттік басқару реформаларын тереңдету және шетелдегі жаһандық басқаруды қолдау – басты бағдарымыз. Біз бұл бағытты берік ұстанамыз.

Қазақстан араағайындық және бітімгер рөлін жалғастырады. Біздің таңдауымыз: үстемдік емес – тепе-теңдік, жіктелу емес – ынтымақтастық, соғыс емес – бейбітшілік.

Біз халықаралық қоғамдастықтың басқа да мүшелерімен бірлесе отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік, әділеттілік және ынтымақтастық шамшырағы екенін растауға дайынбыз. Рақмет!», – деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары