«Массажға барды дей ме?»: Тұрсынбек Қабатов өзі жайлы тараған қауесетке жауап берді

/
«Массажға барды дей ме?»: Тұрсынбек Қабатов өзі жайлы тараған қауесетке жауап берді
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде талқыға түскен Тұрсынбек Қабатов өзі жайлы қауесеттің нүктесін қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі әзілкеш Астана қаласында интимдік қызмет көрсететін орталықта ұсталғаны жайлы ақпараттың жалған екенін айтты.

"Құрметті достар! Қазір кейбір сайттарда Тұрсынбек "массажға барды дей ме?". Сондай бір ақпарат тарап жатыр. Рейд барысында деген өтірік ақпарат. Сондықтан сенбеулеріңізді сұраймын. Бұл өтірік ақпарат. Мен ешқайда барған жоқпын. Ешқай жерде ұсталған жоқпын. Жалған. Бәлкім алдағы концерттерімдегі аяқтан шалу шығар деп тұрмын. Мен Алматы қаласындамын. Он бес күн болды. Мен ешқандай "Манхэттан" деген жерді білмеймін. Ешқандай дәлелдері жоқ. Өтірік ақпарат таратып жатыр. Алматы қаласына күніне орай іс-шарада жүрмін. Кім жазды сонымен ары қарай өзім сөйлесемін", - деді Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары