«Қайрат» футбол клубы стадионға кімнің кіре алмайтынын қатаң ескертті

/
«Қайрат» футбол клубы стадионға кімнің кіре алмайтынын қатаң ескертті
instagram/f.c.kairat

УЕФА Чемпиондар лигасы матчтарына билет сатылымы басталар алдында «Қайрат» ФК жанкүйерлерді жалған хабарландырулар мен қайта сатумен байланысты алаяқтық жағдайлары жөнінде ескертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің ақпаратынша, үшінші тұлғалардан немесе ресми емес арналар арқылы алынған билеттің күші жойылады, ал оны сатып алған адамдар стадионға кіре алмайды.

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де клубтың ресми сайтында, Ticketon платформасында және Qairat SuperApp қосымшасында сатылымға шығады. Ticketon жүйесінде сатылым басталған сәтте виртуалды кезек қалыптасады, сондықтан алдын ала кіріп қоюыңыз керек.

Стадион сызбасын және сервисті дұрыс көру үшін Qairat SuperApp қосымшасын App Store немесе Play Market арқылы соңғы нұсқасына жаңартуды ұсынамыз.

Сайт және Ticketon арқылы рәсімделген билет матч күні ғана электрондық поштаға жіберіледі. Qairat SuperApp мобильді қосымшасында жарамды QR-код ойын басталардан бірнеше сағат бұрын автоматты түрде жаңартылады. Скриншот пен үшінші көздерден алынған сурет жарамсыз болады",  – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары