22-қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Таңертең 15 команда жорықты жалғап Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел ауылынан шығып Бидайық ауылына аялдап, қайта Қызбел ауылына келді.
Үшінші кезең 250 шақырымның қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы екінші, Ұлытау облысының командасы үздік үштікті түйіндеді.
Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Жетісу облысының командасы қайта топ жарды. Күннің үздігі атанып арнайы кубокқа ие болды.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25-қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында мәреге жетеді.
Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Қостанай облысының әкімдігі
Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы
Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.
Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.