«Шығын 20 млн теңгеден асқан»: Жетісуда бір топ мал ұрылары ұсталды

/
«Шығын 20 млн теңгеден асқан»: Жетісуда бір топ мал ұрылары ұсталды
istockphoto.com

Жетісу облысында мал ұрлығымен айналысқан 6 адамнан құралған қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық прокуратураның ақпаратынша, олардың заңсыз әрекеттерінен келген шығын 20 млн теңгеден асады.

"Сарқан ауданы Бақалы ауылында арнайы операция барысында 43 бас ірі қара мал, пышақ, арқан тәріздес қылмыс құралдары, сондай-ақ сойылған малдар сияқты заттай айғақтар тәркіленді.

Тәркіленген мүлік қылмыстық әрекеттің жүйелі түрде жасалғанын дәлелдейді. Күдіктілердің әрекеті облыс тұрғындарына елеулі зиян келтірген.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазір олардың облыс аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.    

Мал иелерінің жануарларды қараусыз қалдырмауы, сонымен қатар олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі өте маңызды. Мал ұстаудағы немқұрайлылық қылмыскерлерге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары