"Ерлер әйелдерге қарағанда аз ақша табады": BI жаңа қоғамның ең басты ерекшелігін атады

/
"Ерлер әйелдерге қарағанда аз ақша табады": BI жаңа қоғамның ең басты ерекшелігін атады
cурет: istockphoto.com

Business Insider басылымының жазуынша, негізігнен ер адамдардың саласы саналатын IT, техника және инженерия салалары жасанды интеллекттің әсерінен қысымға ұшырап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл салалардағы бос жұмыс орындарының саны соңғы 30 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен. Соның салдарынан бәсекелестік артып, жалақы азайып отыр.

Ал қыздар көп еңбек ететін салаларда, яғни білім беру мен медицинада керісінше үрдіс басталған. Бұл бағыттарда мамандарға сұраныс жоғары, ал жасанды интеллект мұғалімдер мен дәрігерлерді алмастыра алмайды.

Сарапшылардың айтуынша, алдағы жылдары еңбек нарығындағы мұндай айырмашылық айқын сезіле түсуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары