10-20 қыркүйек аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында жастар, юниорлар және жасөспірімдер арасында муайтайдан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бәсекені Халықаралық муайтай федерациялары қауымдастығы (IFMA) ұйымдастырды. Чемпионатқа әлемнің 70 елінен келген 1200-ден астам үздік спортшы қатысты.
Қазақстан атынан ел ішіндегі іріктеу жарыстары – Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасынан таңдалған 62 спортшы сынға түсті. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 7 алтын, 7 күміс және 20 қола медаль жеңіп алып, үздік үштікке кірді.
Чемпионат нәтижесі:
1. Ресей
2. БАӘ
3. Қазақстан
Алматы облысының спортшысы Пірім Досхан 12-13 жас санатында «Үздік спортшы» атағына ие болды. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық құрамасына IFMA тарапынан арнайы марапат табысталды.