Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың зайыбы Мөлдір Мұқанова ән айтамын деп тағы да көптің талқысына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әншілікке бет бұрған ол желідегі парақшасына түрік тілінде ән айтып тұрған видеосын жариялады.
Көпшілік осы видеосына түрлі пікір жазып, Мөлдірді сынай жөнелді.
"Қорлады-ау түрік тілін", "Нешінші әні шатасып қалмайық", "Тұрсынбек баяғыда тастап кетуі керек еді", "Бір әнмен тоқтайсыз-ау", "Түрікше білмесем де акцент ұрып тұрғаны сезіліп тұр", "Жаңа тіл шыққан ба, түрікшеге мүлде ұқсамайды", "Не айтып жатқанын өзі де білмейтін шығар", деді олар.
Бұған дейін Мөлдір Мұқанова жас әнші жігітпен дуэт жазып, "Арамызда қалсын бәрі" әнінің тұсауын кескен еді.