Танымал әнші Ерке Есмахан шетелде демалыста жүріп көпшілікпен сырласып, өмір жайлы сыр шертті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бұл өмірдің бір сыры да, нақты қағидасы да жоқ екеніне көзім жетті. Тек түсінгенім, ішкі ойың мен сыртқы сөзің таза, шынайы, әрекетің адал болса болғаны. Сонда бұл жалған дүниенің бар жақсылығы өзіңе тартылады екен. Әлемнің әдемілігін көру өзіңізге, ұл қызыңызға, ұрпағыңызға молынан бұйырсын!» - деп тілегін жазды әнші.