«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанабылов «Хабар» арнасына берген сұхбатында өзінің көпбалалы әулеттен шыққанын айтты, деп жазады turkystan.kz.
Әншінің айтуынша, анасы өмірге 18 бала әкелген, ал Кенжебек сол шаңырақтағы 17-бала болып дүниеге келген.
«Қазір бізден он бала қалды. Барлығымыз бір әке мен бір анаданбыз. Анам ас дайындағанда бір қап ұн аптасына жетпейтін», — деп еске алды Жанабылов.
Ол өзінің қарапайымдылығы мен еңбекқорлығын анасының тәрбиесінің арқасы екенін айтты.