Digital Business сайтында заңгер Чингис Оралбаев талдаған кейсте шымкенттік жас журналист мәтін өңдеп, мақала жазып берген қаламақысын мобильді аударыммен қабылдағаны үшін салық төлеп, айыппұл арқалаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әкесінің шиномонтаж клиенттері де ақшаны ұлының картасына жіберіп отырған. Нәтижесінде үш айда 150 төлеуші шегінен асып, салық органдары бұл жағдайды кәсіпкерлік қызмет деп бағалаған.
Журналист толық салық төледі және заңсыз кәсіппен айналысқаны үшін айыппұл алды.
Сарапшылар фриланс басталған сәттен-ақ жеке кәсіпкер мәртебесін рәсімдеуді, бөлек шот қолдануды және құжат айналымын жүргізуді ескертеді.