«Үшінші рет үйлендіріп жатыр»: Танымал әнші шаңырақ көтерді

/
«Үшінші рет үйлендіріп жатыр»: Танымал әнші шаңырақ көтерді
Әлеуметтік желіден

Қазақ эстрадасының жұлдызы, жас әнші Кеңес Әлімжан шаңырақ көтерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеңес Әлімжанның таңдауы Зарина есімді бойжеткенге түскен.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында қалыңдығымен түскен фотосуреттері мен үйлену тойынан видео жариялады. Кадрдан Кеңес Әлімжанның өз тойында ән айтып тұрғанын және жұбайымен вальс билегенін көруге болады.

"Бәрі мені екінші, үшінші рет үйлендіріп жатыр екен. Бірінші рет үйлендім, ағайын. Суанның қызын алдым. Тілек-ниеттеріңізді көріп жатырмын, той құтты болсын!", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары