Демеу Жадыраев серб спортшысы Алекса Иличті ұтып, Загребтегі әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Грек-рим күресінен команда көшбасшысы 1/8 айналымда қарсыласына есе жіберіп жатқан. Алайда тәжірибесінің арқасында Иличтің қателігін пайдаланып, 4 ұпай алды. Есеп: 8-6.
Өкінішке қарай, Марлан Мұқашев (-55 кг), Альмир Төлебаев (-82 кг) пен аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов 1/8 айналымда сүрінді. Марлан әлем рейтингінде 4-орында тұрған Артём Делянудан (Румыния), Альмир молдовалық Михаил Брадудан, Әлімхан украиналық Николай Кучмииден айласын асыра алмады.