Ұлытау облысында құны 295 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

/
Ұлытау облысында құны 295 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды
istockphoto.com

Ұлытау облысының прокурорлары мемлекет меншігіне пайдаланылмаған жерлерді қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады.

Жаңаарқа ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды. 

Қадағалау актісі бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 295 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

2025 жылғы 8 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауы аясында жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді экономикалық айналымға тиімді енгізуге, оларды белсенді ауыл тұрғындарына және шағын әрі орта бизнес субъектілеріне басым түрде беруге бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары