Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт үшінші қабаттағы пәтерден басталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құтқарушылар сатымен шығып, 42 адамды эвакуациялады, олардың ішінде 5 бала бар. Сондай-ақ 1951 жылы туған ер адамды түтін басқан бөлмеден шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Ол ауруханаға жатқызылды.
"Өрттің шығу себебі – қуаттағыш құрылғының қысқа тұйықталуы", – делінген хабарламада.