OpenAI басшысы инвестиция салған: адам өмірін 10 жылға ұзартуы мүмкін дәрі сынақтан өткізіледі

/
OpenAI басшысы инвестиция салған: адам өмірін 10 жылға ұзартуы мүмкін дәрі сынақтан өткізіледі
cурет: istockphoto.com

АҚШ-тағы Retro Biosciences стартапы адам өмірін 10 жылға ұзартуы мүмкін «жастық таблеткасын» сынап көруге әзір. Жобаға OpenAI басшысы Сэм Альтман 180 млн доллар инвестиция салған, деп хабарлайды turkystan.kz businessinsider.com-ға сілтеме жасап.

RTR242 деп аталатын препарат жасушалық тазарту механизмін іске қосып, мутацияланған жасушаларды жояды және қартаю процесін баяулатады. Ғалымдар оның Альцгеймер мен Паркинсон сияқты аурулардың алдын алуы мүмкін екенін де айтады.

Клиникалық сынақтардың алғашқы қатысушысы биыл жыл аяғына дейін анықталмақ.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары