Алматыда жедел жәрдем көлігі Audi-мен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қалада жедел жәрдем автокөлігі мен Audi 100 қатысқан жол апаты болды. Соқтығыс салдарынан екі адам зардап шекті.
Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем шамдарын қосып, инфекциялық ауруханаға бара жатқан. Ол қиылыстан қызыл жарыққа өтіп кеткен. Дәл осы кезде Audi жасыл шамға өтіп бара жатқан.
Жедел жәрдем жеңіл көлікті соғып, бірнеше метрге сүйреп әкеткен. Негізгі соққы Audi жүргізушісіне тиген. Ер адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ жедел жәрдем көлігінде баламен бірге серік болып келе жатқан әйел де жарақат алды. Оны да ауруханаға апарды, ал баланы әрі қарай жеткізген.