ҚХЛ: «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасын жеңді

/
ҚХЛ: «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасын жеңді

15 қыркүйекте Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты маусымы аясында өткен ойында жергілікті «Барыс» командасы Мәскеудің «Динамо» клубын қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу «Барыс-Арена» стадионында өтіп, алаң иелері қарсыластарын 5:2 есебімен ойсырата жеңді. Бұл ойында «Барыстың» шабуылшысы Марк Веккьоне ерекше көзге түсіп, екі гол соғып, бір нәтижелі паспен үш ұпай жинады. Сондай-ақ, Аңсар Шайхмедденов пен Вячеслав Колесников те қарсылас қақпасына шайба соқты. Ал қонақтар қатарынан Максим Комтуа мен Никита Гусев мергендігімен танылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары