Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

/
Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді
istockphoto.com

 Алматы облысы Алатау қаласы Әли ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонында өрт болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, қазір өртті сөндіру, жерді қалпына келтіру және топырақпен толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады», — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, Жедел авариялық қызмет және полиция қызметкерлері қатысып жатыр. 

Бұдан бұрын Қостанайда өрт шыққан пәтерден анасы мен екі баласы құтқарылғанын жазған едік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары