«Қайраттың анасы не айтса соған бағынып жүрдік»: Сырым Исабаев сахнадан не үшін кеткенін айтты

/
«Қайраттың анасы не айтса соған бағынып жүрдік»: Сырым Исабаев сахнадан не үшін кеткенін айтты
Коллаж: turkystan.kz

Бір кездері танымал болған әнші Сырым Исабаев сахнадан неліктен кеткенін, оған Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованың қаншалықты қатысы бар екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Әнші журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында сахнадағы серігі Қайрат Нұртаспен неліктен жолы екіге бөлінгенін түсіндіріп берді.

«Әр тірліктің басы бар, аяғы бар. Біз бірге бастап шыққанда алғашқы мақсатымыз өзімізді таныстыру болды. Ол кезде менің әндерім Қайратқа, Қайраттың әндері маған ұнайтын. Ойымыз бір жерден шығатын. Алайда, аяқ жағында әркімнің өзіндік ой-пікірі пайда болды. Мына жерін өзгерту керек, былай жасайық деген сияқты. Егер осы ары қарай жалғаса берсе, соңы ұрыспен де аяқталып қалуы мүмкін еді. Өзім ешнәрсені ұрыспен аяқтағым келмейді. Оған біреуді кінәлі деп айтуға болмайды.

Ол кезде бізді бастап жүрген Гүлзира әпкеміз (ред. Қайрат Нұртастың анасы) болды. Ол не айтса, біз бәріне бағынып жүрдік», - дейді Сырым Исабаев.

Ол өз сөзінде әкесі ақша құйғанын, ал қалғанын Гүлзира Айдарбекова жүргізіп отырғаны туралы оймен толықтай келісетінін айтты. Сол сияқты әкесі Қайрат Нұртас екеуіне қанша қаржы бөлгені туралы да қозғап өтті.

«Пәлен деп айта алмаймын. Шамамен бір 50 мың доллардай шығар. Бірақ атақты былай сатып ала алмайсың. Оның бәрі жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесі болды. Ақша да дұрыс бағытқа жұмсалды», - дейді әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары