Еркін күрестен ӘЧ: Қазақ балуандарының алғашқы қарсыластары белгілі болды

/
Еркін күрестен ӘЧ: Қазақ балуандарының алғашқы қарсыластары белгілі болды

13 қыркүйекте Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлем біріншілігін ең алдымен еркін күрес шеберлері бастайды. Дүбірлі дода қарсаңында жеребе тарту рәсімі өтіп, соның нәтижесінде қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды.

57 келіге дейін: Әділет Әлмұхамедов - Арыйан Тютрин (Беларусь)

61 келіге дейін: Асылжан Есенгелді - Нильс Леутерт (Швейцария)

65 келіге дейін: Начын Куулар - Тао Вэй (Қытай)

70 келіге дейін: Нұркожа Қайпанов - Чэнь Шуан (Қытай)/Питер Джон Дюк (АҚШ) арасындағы жеңімпаз

74 келіге дейін: Әлібек Әбдіқасымов - Мұрад Курбангомедов (Венгрия)

79 келіге дейін: Болат Сақаев - Ибрагим Метехан Япрак (Түркия)

86 келіге дейін: Азамат Дәулетбеков - Паулиус Лескаускас (Литва)

92 келіге дейін: Камил Куруглиев - Хуа Цзе (Қытай)

97 келіге дейін: Ризабек Айтмұхан - Магомед Курбанов (Ресей)

125 келіге дейін: Әлішер Ерғали - Ален Хубулов (Болгария)

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары