Бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатында кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
3 дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай ширек финалда Ханна Охотаға (Украина) еш мүмкіндік қалдырмады. Отандасымыз 3-раундта да сенімді қимылдап, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, оның қарсыласы алдағы жекпе-жекте анықталады.