Алматыда оқушылар мінген автобус жеңіл көлікке соғылып, екі адам қаза тапты

/
Алматыда оқушылар мінген автобус жеңіл көлікке соғылып, екі адам қаза тапты
видеодан скриншот

Алматы облысында ірі жол апаты болды. Мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус Hyundai Accent көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға "Сокол" саяжай массивінің аумағында болған. Қайтыс болғандар бар.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнекадрларда соқтығыстан кейін автобус пен жеңіл көліктің жолдан шығып кеткені көрінеді. Балалар автобустан шығып үлгерген, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусты өткізбеу салдарынан соқтығыс болған.

«Апаттың нәтижесінде жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады Алматы облысы ПД.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр, істің барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары