Қарағанды облысының прокуратурасы көмір өндіруші кәсіпорынның 343,6 млн теңге салықтан жалтарғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылғы 13 маусымда ҚК-нің 245-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тексеру барысында кәсіпорын үлестес тұлғаны бейрезидент ретінде пайдаланып, өзара есеп айырысуларда салық мөлшерлемесін 1,95 млрд теңгеге төмендеткені белгілі болды.
Тергеу нәтижесі бойынша кәсіпорын директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Залалды толық көлемде өтеуіне байланысты іс ҚК-нің 245-бабының ескертпесіне сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.